Арманы үлкен Назерке

Ақжолтай Жаңалықтар

Редакция есігінен имене енген қыз бала өзін «Назерке Есенболат-қызы» деп таныстырды. Құрманғазы ауданы, Орлы ауылындағы Нұғыман Манаев атындағы орта мектептің 11 сыныбында оқиды екен. Оны қаламгерлер үйіне жетелеген — таудай талабы. Ұстазы Нұрия Шайхиеваны үлгі ететін Назерке қазақ тілі мен әдебиеті пәнін сүйіп оқиды. Жыл сайын пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Ақжолтай!

Биылғы жылы да қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиадада екінші орынды қанжығасына байлапты. Сонымен қатар, «Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысып, аудан бойынша Бас жүлдені жеңіп алған көрінеді. Енді облыстық турға дайындалып жүр.

Назерке – аудандық «Серпер» газетіне мақала жазып, ауылда, мектепте болып жатқан жаңалықтармен аудан жұртшылығын құлағдар етіп отыратын жас тілші. Ол болашақта өзіне бағыт-бағдар берген аталмыш басылымның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі Таңатар Дәрелов сынды журналист болуды армандайды. Сондай-ақ, ақын Нұрлығайын Нұғымановты да өзіне үлгі тұтады екен. Мектеп бітіргеннен кейін ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика мамандығына оқуға түскісі келеді. Әрине, ол үшін үлкен дайындық, білім мен тәжірибе керек екенін жақсы түсінеді.

Назерке  бұл сапарында облыстық  «Атырау» газетінің  бір күнгі  жұмысымен танысты. Осында  жұмыс істейтін  аға-апаларымен  пікірлесіп,  кезекті нөмірдің  қалай  дайындалып  жатқанын  көзімен көрді.  Өзінің  ашықтығымен, талабымен жақсы  әсер қалдырған  Назеркеге  журна- листер  қауымы да  ізгі  тілегін арнады.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз