Жарнама
Жаңалықтар

«Антикор» таратылды: Қызмет ҰҚК құрамында жалғасады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды шешім қабылдады. Мемлекет басшысы қол қойған Қаулыға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына қосылды.

Енді ҰҚК аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылып, жемқорлыққа қарсы күрестің жедел-тергеу және күштік тетіктері осы құрылым шеңберінде жүзеге асатын болады. Бұл – саладағы тиімділікті арттыруға бағытталған институционалдық реформа.
Сонымен қатар, қайта ұйымдастырылған Агенттіктің бірқатар функциялары Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сондай-ақ жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы үйлестіруші рөл осы органға жүктелмек.
Бұған дейін Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде жұмыс істеген Антикор құрылымы енді жаңа форматта өз жұмысын жалғастырады. Бұл қадам – мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімділік пен жауапкершілікті арттыруды көздейтін ірі реформаның бір бөлігі.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button