«Жедел жәрдем»: бүгінгі беталысы

ZHedel zh rdem Жаңалықтар

Ауруы асқынып, дерті дендеп, өзін жайсыз сезінген адам «жедел жәрдем» қызметіне жүгінеді. Бұл ретте сала қызметкерлері қас пен көздің арасында науқасқа жетіп, дерттің алдын алуы қажет. Осы орайда облыстағы аталған қызметтің жайы қалай? Мамандар мен техника қызметі жедел шақыртуға қаншалықты дайын? Аталған сауалдарға жауап іздеген едік.

????????????????????????????????????

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының анықтамасы:

Облыста 1 дербес «жедел жәрдем» стансасы, Атырау қаласында 3 қосалқы станса (Алмагүл ы/а, Владимирский көшесі және Бірлік ауылы), аудандық орталық ауруханалар жанында – 7, дәрігерлік амбулатория жанында 1 «жедел жәрдем» бөлімшесі бар. Тұрғындарды «жедел жәрдем» қызметімен қамтамасыз ету аумағы – 70 шақырым.  Атырау қаласындағы шақыртуларға жету уақыты – 10 минут.

Биыл аудандарда қосымша 9 қосалқы станса (10 бригада) және Атырау қаласында 2 бригада ашу көзделуде. Жалпы елді мекендерді «жедел жәрдеммен» қамту көрсеткіші – 91,4%. Былтыр «автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық қызметі» кешені жаңартылды. «Жедел жәрдем» стансасының  автоматтандырылған басқарудың бірыңғай жүйесі жасақталды. Республикалық санитарлық авиация орталығының жанында орналасқан жедел медициналық көмек шақыртуларын басқару және мониторингілеудің Үйлестіру орталығымен біріктіру жоспарланды.

Барлық санитарлық көлік саны – 88. Оның 12-сі (2-FORD TRANSIT реанимобильді 10 УАЗ автокөлігі) былтыр ғана қолданысқа берілді. Әр ауысымда қызмет ететін мамандар: 46 бригада, оның ішінде 1 кардиологиялық, 1 педиатриялық, 1 психиатриялық, 43 фельдшерлік бригада. Атырау қаласының бригадалары планшеттермен жабдықталды, бұл шақыртуды бригадаға рация және телефонды қолданусыз тікелей планшетке жолдайды.

Алтыншаш Құрмашева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз