АНАЛАР ҚАНДАЙ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР АЛАДЫ? (+ИНФОГРАФИКА)
Atr. kz / 19 – ақпан. Елімізде аталған азаматтар мен отбасыларды қолдап, қамқорлық көрсету мақсатында жүргізілетін жұмыстар негізгі алты санатқа бөлінеді.
Біріншісі – 1 жасқа дейінгі балалары бар аналар мен отбасыларға, екіншісі – мүгедек балалары бар жанұяларды, үшіншісі – асыраушысынан айырылған және жетім балаларды қамқорлығына алған, төртіншісі – аз қамтылған, бесіншісі – балалары бар отбасыларды жұмыспен қамтуға ықпал етуге арналған әлеуметтік көмектер болса, соңғысы – көп балалы аналар мен оларды зейнетақымен қамту.
Алдымен аналарға қатысты айтар болсақ, мәселен, елімізде ана-мен баланы қорғау мақсатында берілетін жәрдемақының түр-түрі бар. «Күміс алқа» мен «Алтын алқалы» аналарға өмірбойы берілетін жәрдемақы оның бір бөлігі ғана. Бұл бағыттағы әлеуметтік көмек бес санатқа бөлінеді. Біріншісі – 1 жасқа дейінгі баласы бар аналар мен отбасыларға, екіншісі – көп балалы, үшіншісі – аз қамтылған отбасыларға, төртіншісі – мүгедек баласы бар жандар мен бесіншісі асыраушысынан айырылған және бала асырап алған немесе қамқорлық жасайтын отбасыларға берілетін жәрдемақы. Ресми деректерге сүйенсек, отбасыларды қолдау бағытында мемлекеттік бюджеттен өткен жылы 41 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп, соңғы үш жылда жәрдемақы 38 пайызға өскен.
Жәрдемақының екінші түрі – бала бір жасқа толғанға дейін берілетін әлеуметтік қолдау. Оған қаражатты мемлекеттік бюджет пен Әлеуметтік сақтандырудың ұлттық қоры бөліп отыр. Мұны жұмыс істемейтін барлық аналар ала алады. Бірінші баладан төртінші балаға дейін берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері орташа есеппен 14,5 мың теңгеден 20 мың теңге аралығында. Ал, жұмыстағы аналар бала күтіміне берілетін жәрдемақыны соңғы екі жылдағы орташа табысының 40 пайызы көлемінде алады.
Жәрдемақының екінші түрі – жүктілік пен бала босануға берілетін бір реттік жәрдемақы, оның мөлшері анасының соңғы бір жылдағы орташа табысына байланысты. Бала күтімімен декреттік демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жинағы тоқтап қалмау үшін мемлекет жүкті әйелдердің декреттік демалысында орташа айлық табысынан 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялайды.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА.
(Толық нұсқасы «Атырау» газетінің №13 санында)