Жарнама
Жаңалықтар

Аналар ардақталған күн

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Атыраудағы «Sultan Palace» мейрамханасында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті.

Алғашқы болып кеш қонақтарын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов құттықтады. Ол осы шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған әйел-аналардың ел алдындағы еңбегін, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени-рухани өсіп-өркендеуіне қосқан үлестерін атап, біздің өміріміз бен қоғамда алатын орны мен атқаратын рөліне тоқталып өтті.

whatsapp image 2024 03 05 at 19.43.04

Кештің жалғасы көктем қуаты мен жан шуағын сыйлайтын мерейлі мереке иелерін ұлығылау шарасына ұласты. Осылайша, қонақтардың бір тобы ардагерлер ұйымының «Ардақты ана» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, «Атырау ардақтысы», «Тәлімгер», «Мейірімді жүрек» төсбелгілері мен Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы медальдар тапсырылды. Ал қонақтардың келесі бір тобына облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының Алғысхаттары салтанатты жағдайда табысталды.

Дәулетқали Аруев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button