АМӨЗ ҚХР алдындағы қарызын толық өтеді
Зауытты жаңғырту жобасын жүзеге асыруға бағытталған Қытайдың Экспорт-импорт банкінен алынған несиені мерзімінен бұрын толық өтеу 2022 жылдың қаңтарында қайта қаржыландыру және ВТБ банкінен (ЖАҚ) рубль несиесін тарту арқылы жүзеге асырылды.
2022 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша жаңғыртуға тартылған Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) қарызының қалдығы 509 млрд теңгені құрайды, оның жартысынан астамы қазақстандық несие берушілер. Бүгінде АМӨЗ-де ҚХР-дан несие берушілер жоқ.
Соңғы жылдары АМӨЗ валюталық қарыз көлемін төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Мәселен, 2019 жылдан бері қарыз 2,1-ден 1,2 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды . Бұл ретте долларлық қарыздардың үлесі 95% — дан 13% — ға дейін төмендеді, ал Қытай және Жапон банктерінен болған қарыздар рубль мен теңгеге ауыстырылды.
2021 жылдың соңына дейін АМӨЗ қарыздарды АҚШ долларымен төледі, бұл зауыттың пайдасына теріс әсер етті, соның салдарынан 2020 жылы шығын 17,4 млрд.теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 30,5 млрд.теңгені құрады. Валюталық міндеттемелердің азаюы валюталық тәуекелдерді және бағамдық айырмашылыққа байланысты шығыстарды төмендетеді, бұл зауыттың одан әрі қаржылық тұрақтылығына маңызды үлес болып табылады.
АМӨЗ Республикалық бюджет қаражаты мен мемлекеттік субсидияларды пайдаланбай-ақ, несие берушілер алдындағы өз міндеттемелерін уақытылы және өз есебінен тиісті түрде орындауда. Жаңғырту бойынша несие беруші банктер алдындағы барлық міндеттемелерді 2027 жылы толықтай өтеу жоспарланып отыр.
Жаңғырту нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін, атап айтқанда, автобензинді, дизельді және авиациялық отынды өндіру көлемі айтарлықтай өскенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың ел үшін және оның ішінде облыс үшін салық шегерімдері мен бюджетке төленетін төлемдердің өсуінен көрінетін экономикалық тиімділігіне назар аудару қажет. АМӨЗ Атырау қаласындағы екінші ірі салық төлеуші атанды.Тек 2021 жылдың өзінде зауыт бюджетке 76,6 млрд теңге аударса, оның 49 млрд теңгесі жергілікті бюджетке түсті. Яғни, 2017 жылмен салыстырғанда Атырау мұнай өңдеу зауытынан облыстық бюджетке түсетін салық шегерімдерінің көлемі 3 есеге өскен.
Атырау мұнай өңдеу зауытының бірден-бір табыс көзі мұнай процессингіне арналған тариф болып табылады. АМӨЗ өндірілетін мұнай өнімдерінің меншік иесі болып табылмайды, оларды сатпайды және өндірілген мұнай өнімдерінің бағасын белгілемейді.
Қоғаммен байланыс бөлімі