АМӨЗ-дің өндірістік активтері қайтарылды

screenshot 2 7 Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты бұрын аутсорсингке берілген техникалық сервис функцияларын өз қызметіне қайтару жұмыстарын бастады.

Осыған орай, «АМӨЗ» ЖШС-де сервистік компаниялардың функцияларын зауыт қызметіне бір қалыпты көшіру шараларын жүзеге асыру үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдерімен бірлескен жұмыс тобы құрылды.

2023 жылдың 1 наурызынан бастап Атырау МӨЗ-дің құрамына  технологиялық және динамикалық жабдықтардың, металл конструкциялары мен ғимараттардың  үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету (жөндеу-механикалық цех), электр жабдықтары мен электр желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз  ету (электр цехы),  бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету (бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика цехы) және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу (жобалау-конструкциялау орталығы) бойынша зауыттың технологиялық процестеріне қатысқан цехтар қайтарылды.

Атырау мұнай өңдеу зауытының құрамына қосылған қызметкерлердің жалпы саны 650-ден астам.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз