Атырау облысының полицейлері киік аулағандарды ұстады

screenshot 18 Жаңалықтар

Атырау облысы аумағында өтіп жатқан «Қыстақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде индерлік қызметкерлер Индербор кентіне кіреберіс тасжолда УАЗ автокөлігін тоқтатқан.

Тінту барысында киіктің 4 мүйізін, оның бұтарланған етін және аңшы қаруын тәркілеген.

Аталған фактіге қатысты 1974 ж.т., 1972 ж.т. күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз