Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

АМӨЗ булану алқабында бөгет орнатылуда

TAZALYQ жобасы аясында булану алқаптарын қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта булану алқаптарының АМӨЗ-ге және қалаға тиесілі бөлігі арасында бөгет орнатылуда. Бөгеттің негізін қалау үшін 18 000 м3 топырақ яғни 24%-ы әкелінді.

Еске сала кетейік, бөгетті салғаннан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының булану алқабының аумағы 4 секторға бөлінеді, кейін ол жерлерді кептіріп, арнайы биологиялық өніммен өңдейді.

Сондай-ақ, булану алқаптарында кіре беріс жолдарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

АМӨЗ ағынды суларды бұратын ашық арнасын құрғату мақсатында қолданыстағы булану алаңдарына дейін уақытша құбыржолын төсеу үшін іргетасын дайындау 88% — ға аяқталды. Құрғатылғаннан кейін арна аңғарында ағынды суларды Атырау қаласының жаңа кәріздік тазарту құрылыстарына бұра отырып, құбыржолының екі стационарлық тізбегі төселетін болады.

Айта кету керек, бұл зауыттың сарқынды суларын булану алқабына ағызуды кезең-кезеңімен тоқтатуды, оны пайдалануды және Атырау өңірінің жер асты суларына, флорасы мен фаунасына теріс әсерін болдырмауды білдіреді.

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button