Жаңа Премьер-Министр тағайындалды

80471 b0 1 Жаңалықтар

Кеше ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды. Бұл туралы «Ақорданың» баспасөз қызметі хабарлады.

%d0%b1%d0%b0%d0%ba%d1%8b%d1%82%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d0%b3%d0%b8%d0%bd%d1%82%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады. 1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Әр жылдары Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымдарында болды.

2012 жылы Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. Бақытжан Әбдірұлы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі қызметтерін де абыроймен атқарды. 2013 жылдың 16 қаңтарынан бері, Президент Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымында.

Сондай-ақ, кеше Елбасының Жарлығымен Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз