Атырауда табыстыру қызметі жұмыс істей бастады

20170610035640 Жаңалықтар

ҚазАқпарат – Атырауда медиация қызметі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20170610035640

«Жұмыс істей бастағанымызға көп болмады, бірақ адамдардың қарасы көбейе түсуде. Көбіне бұрынғы жұбайларынан алиментті өндіріп алу мәселелері бойынша әйелдер, сондай-ақ көршілерімен арадағы дау-дамайды шешу жолдарын іздеген адамдар жүгінеді. Әдетте, бұл дау-дамайлар жоғары қабаттағы тұрғындардың төмендегі көршілерін «су астында қалдыру» мәселелерімен байланысты. Бұдан бөлек, кредиттік тарихтарымен де келеді. Жақсы танысына немесе туысына несие алып беріп, кейін ол төленбей, опық жеген адамдар жиі кездеседі. Көп жағдайда мәселеге тереңірек үңілген жағдайда, шешім жолдарын табуға болады», – дейді «Медиацияны дамыту орталығы»  республикалық қоғамдық бірлестігінің Атыраудағы өкілдігінің директоры Гүлбаршын Марданова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз