Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ АЙҚЫНДАЛДЫ


Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтіп, оған партияның Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетов пен өңірдегі 16 өкілі онлайн форматты қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен, уақыт талабына сай партияны жаңғырту қажеттігі айтылды. Партия аппаратын тиімділігін жоғарылату міндеті қойылды. Осы орайда, партияның саяси кеңесінің бірнеше мүшесі өзгерді. Екіншіден, саяси ұйым атауы «Amanat» деп өзгертіліп, жаңа мақсат-міндеттер айқындалды.

«Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Негізгі құндылықтарымыз өзгермеуге тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр. Ел бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру – бәрімізге ортақ міндет. «Береке басы – бірлік» екенін әрдайым есте сақтайық!» деді Мемлекет басшысы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Сурет: Расул СЕРІКОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button