Бизнесті қолдау бағытында қандай шаралар алынады?

imgpreview 2 Жаңалықтар

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл.  Елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру мәселесі бойынша ҚР Үкіметі маңызды шешімдер қабылдады.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінде хабарланғандай, Президенттің 2020 жылдың 16 наурызындағы №287 – «Экономиканы тұрақтандыру бойынша алдағы шаралар туралы» Бұйрығына сәйкес, Үкімет қажетті шаралар қатарын жариялады:

– 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызды тауарларға қосымша құн салығы (НДС) 8%-ға дейін төмендетіледі;

– 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жанармай мен дизель отынын экпорттаушылар акциздерден босатылады;

– заңды тұлғалар және туризм, қоғамдық тамақтану мен қонақүй қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылады;

– 2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес компанияларының бюджетке төлемдері кейінге шегеріледі.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз