![«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды 1 radmin news 2023 03 30 230330103927283e w860 h580](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/03/radmin_news_2023_03_30_230330103927283e_w860_h580.webp)
Жаңалықтар
«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.