АЛЫПТЫҢ АЛДАҒЫ АХУАЛЫ
Қоғамдық тыңдауға қатысушыларға арнаған сөзінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев тың жобаның жүзеге асуы аймаққа жаңа игіліктер әкелетінін, жергілікті бюджетке қомақты қаражат түсетінін, жұмыс орындары пайда болатынын атап айтты. Мол инвестиция тартылады. Әйтсе де, қоршаған ортаға да салмақ түсері сөзсіз. Сондықтан, халықтың нақты ұсынысы, орынды пікірі ерекше маңызға ие.
«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тим Миллер осы шараға зор мән беріп отырған облыс әкімдігі басшылығына, Жылыой жұртшылығына, жергілікті экологтар мен мамандарға алғысын айтты.
ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев инвесторлар тарапынан өңірдің әлеуметтік ахуалын сауықтыруға арналған жобаларға жан-жақты тоқталды. Одан әрі Келешек кеңею жобасының инфрақұрылымын дамыту менеджері Асхат Байдалиев, «Caspian Engineering & Research» ЖШС-і директорының орынбасары Қайрат Байқұлов және «Казэкопроект» мекемесінің қоршаған ортаны қорғау жобалары менеджері Сергей Плескач тақырыптық баяндамалар жасады.
Қоғамдық тыңдау туралы толық материалды газетіміздің таяудағы нөмірлерінің бірінен оқисыздар.
М.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.