f20130227090923 120

Алыс ауылға автобус жүрмек

Аудан хабарлары Жаңалықтар

Атырау мен көршілес Астрахан облысының түйіскен жерінде орналасқан Құрманғазы ауданына жол қатынасы қиындау соғып тұр. Осы орайда, қалааралық автобустар шығару мәселесі қолға алынбақ.

f20130227090923-120

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміровтің айтуынша, бұл біраз мәселенің түйінін тарқатпақ. Ендігі кезекте ауылішілік такси қызметін реттеу қажет. «Арнайы жүргізілген рейдтер кезінде заңсыз тасымалмен айналысып жүргендермен түсінік жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде біраз адам патенттерін алып, заңдастырғандай болды. Бірақ, бұл – жарты іс қана. Заңдылыққа сай такси қызметін ұсынатындардың күнделікті көлігін техникалық бақылаудан, жүргізушілерді дәрігерлік тексеруден өткізіп отыратын ақпараттық-диспетчерлік пункт болуы қажет. Мұндай кәсіпкерлік қызметпен айналысып отырған шағын құрылымдар Жылыой, Махамбет, басқа да аудандарда бар» дейді ол.

Аман ШАМАР

(Фото «pavlodar.freeads.kz» сайтынан алынған)

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған