Жарнама
Жаңалықтар

Алтын құрсақты аналар алтыннан алқа тақты

Атырау қаласында 47 ана Президенттің Жарлығымен Алтын алқа және Күміс алқамен марапатталды. Халықаралық отбасы күні аясында ұйымдастырылған жиында қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов мемлекеттік наградаларды иелеріне салтанатты жағдайда табыс етті.

– Нәзіктік пен қайсарлықты бір бойына жинаған аналарымызға ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өнегелі істері үшін алғыс білдіремін. Бұл отбасылардағы ұл-қыздардың еліміздің нағыз патриоты боларына сенімім мол. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарымыз аман болсын! — деді Н.Ермұханов.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button