Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

«Алтын тұғыр» жүлдесі Атырау облысына берілді

Атырау облысы ұлттық спортты дамытуда үздік боп танылды және «Алтын тұғыр» арнайы жүлдесімен марапатталды,-деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171210-WA0003

Бұл марапат өңірге «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің аясында, атап айтқанда ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған көрмелердің қорытындысы бойынша берілген. Марапат Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке табысталды.

IMG-20171210-WA0002

Салтанатты шара барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Елімжан» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ, «Ұйымдастырушы» және «Үздік ұйымдастырушы» аталымдары бойынша атыраулық Руслан Төлеген ұлықталды.

Айта кетейік, Елордада өткен халықаралық көрме кезінде Атырау облысының мәдениет күндері өтіп, шараға 800-ден астам спорт және мәдениет саласының өкілдері қатысқан еді.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button