
Жаңалықтар
Алғашқы дауыс берушілер
Атырау қаласындағы Абай атындағы №15 жалпы орта мектебінде орналасқан №9 сайлау учаскесінде 1351 адам тіркелген. Дауыс беру басталған алғашқы жарты сағаттың ішінде олардың 30-ы өз таңдауын жасап үлгерді.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қали Махамбетовтың айтуынша, әзірге үш адам үйінде дауыс беруге өтініш берген.
— Ережеге сәйкес, отбасы мүшелері сайтқа кіріп, үйден дауыс беруге өтініш жазуы керек. Түстен кейін шақырту түскен үйлерге баруды жоспарлап отырмыз, – дейді төраға.
Марина Қуанышева