Алғаш рет Атырауда «Көрпе Fest» мегефестивалі өтеді (+ВИДЕО)
Atr.kz/10 қазан, 2019 жыл. Фестиваль 11-12-13 қазан күндері облыстық көрме орталығы ғимаратында (Әбілхайыр хан көшесі, 79) өтпек.
Көрмеге әйгілі этнодизайнер «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының лауреаты «Алтын орда» авторлық дизайн үйнің негізін қалаушы, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі Ырза Тұрсынзаданың шәкірттері тіккен көрпелердің түр-түрі қойылады. Фестивалдің басты мақсаты ұлы даланың ұлттық мәдениеті мен өнерін сақтау және жаңғырту. Осы арқылы бірыңғай ұлт ретінде қалыптасып, Қазақстанның өркендеу жолына үлес қосу.
Фестиваль аясында «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен тегін шеберлік сағаттары өтіп, белсенді қатысушылар мен жеңімпаздарға 20 тігін машинасы тарту етіледі.
Қолөнердің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына үлес қосып жүрген қос бірдей көпбалалы анаға «Аманат» сыйлығы табысталады. «Аналар аманаты» телехикаясы көрсетіледі. Бұл ретте, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Атырау облысы әкімдігі, «Алтын орда» авторлық дизайн үйі, «Тігін машиналар» үйі қолдау білдіргенін айта кету керек.
(Байланыс телефоны: 8 775 997 68 66 Бақыт Қайратқызы)