Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

Алғаш болып Атырауда іске қосылған ковид-такси қызметі алпыстан аса тұрғынға қызмет көрсетіп үлгерді

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Өңірде 14 шілдеден бастап ковид-такси өз жұмысын  бастаған болатын.  Бүгінде  аталған қызмет түрі 60-тан аса атыраулыққа қызмет көрсетті.

Облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жүргізуші мен фельдшер маманынан тұратын ковид-такси қызметін Атырау мен Құлсары қаласында 7  бригада жұмылдырылған.  

—    Ковид-таксилер барлық  қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілген.  Сондай-ақ, жүргізушілер де  қорғаныш киімдерін  қалай пайдаланып, науқасқа қандай көмек көрсету керектігін біледі. Қажеттілік туындаған мезетте олар фельдшерге жәрдемдесе алады, — деп түсіндірді Наргиз Баймолдаева. 

Қазіргі уақытта ковид-такси бригадасы түнгі ауысыммен жұмыс істейді, нақтырақ айтқанда тұрғындар бұл қызмет түріне кешкі сағат 17:00-ден таңғы 09:00-ге дейін жүгіне алады. 

—    Қажеттілік туындаған жағдайда, ковид-такси бригадасының   саны ұлғайып,  тәулік бойына қызмет етеді. Дегенмен, қазіргі уақытта күндізгі бригаданың өзі жұмысты атқарып жатқандықтан, оған негіз жоқ. Көрсетілген әр қызметтен кейін көліктер міндетті түрде тазартылып, өңделеді, — деді облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаева.

Ковид-такси науқастарға ем тағайындау парағын толтырмайды. Шұғыл ауруханаға жатқызу керек азаматтар болса, оны ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем бригадалары шақырылады.  Ал, аталған қызмет түрін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қаржыландыруда. Ковид-такси бригадасының  қызметі ақысыз түрде жүзеге асады.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында 36 тәжірбиелі дәрігерден құралған  call-орталық ашылған болатын.  Мұнда мамандар тәулігіне 24 сағат коронавирустың жеңіл түріне және вирустық инфекцияларға шалдыққан науқастарға үйден емделуге қатысты онлайн кеңес береді. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде жедел жәрдем шақыртушылар саны 1300-ден 900-ге дейін азайды.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button