«АЛТЫН ДӘРІГЕР» АТАНҒАНДАР

Тәуелсіздіктің 24 жылдық мерекесі күніне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасында аймақта елеулі еңбектерімен танылған бір топ медицина қызметкерлері бас қосты.

 

Тәуелсіздік мерекесі күні аймақ халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін бір топ дәрігерлер, фармацевтика саласының мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық медициналық қауымдастығының ең жоғары марапаты – «Алтын дәрігер» медаліне ие болды. Бұл құрметті атаққа денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина Камелова, №2 қалалық емхананың терапевт дәрігері Күләш Ғұмарова, №7 қалалық емхананың педиатр дәрігері Күләш Досымбаева, фармацевтика мамандары Қамқа Қабышева, Хадиша Баймұханова, Қасиет Нұрахметова, сәбилер үйінің директоры Гүлмира Рысмағамбетова, жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Надя Ерғалиева, облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Гүлсім Дүржанова, облыстық тері аурулары ауруханасының дәрігері Сәуле Сейтжанова ие болды.

Марапат иелерін республикалық Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығының Атырау облысы бойынша бөлім басшысы Алма Сарбаева, ҚР Ұлттық медициналық қауымдастығының Атырау облысындағы өкілі Гүлнәр Жәкиева, басқа да әріптестері құттықтап, денсаулық сақтау саласында жоғары жетістіктерге жете берулеріне игі тілектерін білдірді.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз