Әлеуметтік жобаларды енді ірі компаниялар қаржыландыратын болады
Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен ішкі саясат басқармасы жанындағы «Азаматтық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп ұйымдастырған шараға мұнай-газ өнеркәсібі саласында жұмыс жасап жатқан ірі компаниялар қатысты.
Олардың қатарында «Теңізшевройл», «Fluor», «NCOC», «Болашақ Атырау», «Firkroft Kazaһstаn», «Сенімді құрылыс», «Sarens Kazahstan», «ESS Support Service», «Болат жол» ЖШС-тері және басқаларын атауға болар еді. Олардың назарына үкіметтк емес ұйымдар тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше балаларға арналған14 әлеуметтік жоба ұсынылды. Әрбір жоба жеке-жеке таныстырылды.
Солардың ішінен «Zlataru» қоғамдық қоры «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің ұсынған жобаларына «Fluor» және «ESS Support Service» компанияларының өкілдері қызығушылық танытып, қаржылай қолдау көрсетуге ниетті екенін білдірді. Өз кезегінде жәрмеңкеге қатысушы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де пікірлерімен бөлісті.
Дәулетқаи ЛАТИФҰЛЫ