Жарнама
Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде белсенді әкімдерге арнайы белгі табыс етіледі

Әкімдердің халықпен тікелей байланыс орнатуы, атқарылған жұмыстарды ашық көрсетуі және қоғаммен тиімді кері байланыс жүргізуі – олардың қызметінің айқын көрсеткіші. Осыны ескере отырып, abaiaqparatkz ақпараттық арнасы әкімдерге арнайы белгі тағайындау бастамасын қолға алғанын хабарлады.

Бұл белгі әкімдердің медиа белсенділігіне, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануына, өз аймағының дамуы мен жетістіктерін кеңінен насихаттауына берілетін болады. Яғни, өңір басшыларының PR стратегиясының сәтті жүзеге асуы да осы марапат арқылы көрініс таппақ.

Айта кетейік, «Abay Media Group» ЖШС-нің аналитика бөлімі әкімдердің әлеуметтік желідегі белсенділігі бойынша ай сайын рейтинг жүргізеді. Соның нәтижесінде үздік үштікке енген әкімдерге арнайы белгі табыс етілмек.

Абай облысында қолға алынған бұл бастама жергілікті биліктің халықпен тығыз байланысын одан әрі күшейтіп, ақпараттық ашықтықты арттыруға бағытталып отыр.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button