Атырауда жылына 30 миллион маска шығарылуда

img 20210609 wa0022 Жаңалықтар
Атырауда «Доктор Хаус» компаниясы өткен жылдан бері қолжетімді бағамен  медициналық маскалар шығарып келеді. 
               Жоба «ForteBank» АҚ-мен «Басым жобаларға несие беру тетігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 14% -бен қолдау тапты, мұнда мемлекеттің пайыздық мөлшерлемесінің субсидияланған бөлігі 8%, ал қарыз алушының соңғы мөлшерлемесі 6% болды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 20 адам жұмыс істейді.
               Зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов атап өткеніндей, бір реттік маскалар тоқыма емес материалдан жасалған, пайдалану мерзімі 2 сағаттан аспайды. 
"Біз жылына ересектерге арналған 30 миллион үш қабатты медициналық маскалар шығарамыз, сонымен қатар балаларға арналған маскалар шығаруды жоспарлап отырмыз. Болашақта өнімді еліміздің барлық аймақтарына сатуды жоспарлаудамыз. Компанияның имиджі - бұл өнімнің сапасы» дейді спикер.
 
img 20210609 wa0023

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз