Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Әлеуметтік уәкіл тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Кенжеғұл Сейітжанды тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті бұйрық 2024 жылғы 2 ақпанда Ақорда сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Кенжеғұл Социалұлы Сейтжан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», — деп жазылған ресми құжатта.

Кенжеғұл Сейітжан 1982 жылы 29 шілдеде Қостанай облысы Амангелді ауданында дүниеге келген. 1991-2003 жылдары «Н.Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де (Алматы қаласы) оқыған, 2003-2007 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі.

2008-2009 жылдары Жапонияда әлеуметтік көшбасшылық курсынан өтті, 2011-2013 жылдар аралығында University of Cuny (АҚШ) ағылшын тілін оқыды.

2015 жылы University of Reading (Англия) Education (Leadership and Management) мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Медеу ауданындағы No7 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2017-2022 жылдар аралығында «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығында әлеуметтік бағдарламалар бойынша менеджер, 2017-2022 жылдар аралығында қонақ үй бизнесінде директор болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2022 жылға дейін «Қазақстан Голбол федерациясы» ОЮЛ бас хатшысы,

2019 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақстан паравелоспорт федерациясы» РҚБ вице-президенті қызметін атқарды.

2021-2023 жылдары «Қазақстан паравелоспорт федерациясы» РҚБ президенті болып жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап бүгінге дейін Астана голбол федерациясының президенті болды. 2023 жылғы наурыздан бері — VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан халықтық партиясы» фракциясының мүшесі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button