ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫН ИЕЛЕНДІ

«Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы төрағасы, шаһар басшысы Нұрлыбек Ожаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау науқанына белсенді қатысқан партия мүшелеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын тапсырды.

 

Салтанатты рәсімге ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау қалалық штабының мүшелері және партия белсенділері қатысты. Елбасы алғысына бөленген 25 белсендінің арасында  жергілікті мекемелер мен кәсіпорындар, ірі шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер, жоғары, арнаулы оқу орындары, мұражайлар, емханалар, кәсіподақ ұйымдары және ардагерлер кеңесінің басшылары бар.

Амандық АБДОЛ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз