Әлеуметтік төлемдерге қандай өзгерістер енгізілді?

124222 Жаңалықтар

Atr.kz/15 мамыр, 2020 жыл. Үстіміздегі жылдың 1-ші сәуірінен бастап әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі төлемдердің мөлшері бұрынғысынан артты.

Сонда қайсысы қаншаға өсті – міне, осы мәселе бойынша газет оқырмандарын толғандырып жүрген сан сауалға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті РММ-нің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Құрманай ҚАЛИЕВА жауап береді.

– Мемлекет басшысының биылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, 1 сәуірден бастап барлық төлем алушылардың зейнетақы және жәрдемақы төлемдері жылдық есеппен 10 пайызға көтерілді. Жылдың басында зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылар 5 пайызға жоғарылады, соның ішінде ынтымақты зейнетақы инфляция деңгейінен 2 пайызға өсіп, яғни 7 пайызға арттырылды (ынтымақты зейнетақы үшін жылдық тұрғыда 12% құрайды).

ҚР-ның «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап былай болады:

айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 2 778 теңге; зейнетақының ең төменгі мөлшері – 40 441 теңге; базалық төлемнің ең төменгі мөлшері – 17 641 теңге; базалық төлемнің ең жоғарғы мөлшері – 32 668 теңге; ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге; жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге; 2020 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 5 пайызға алынған мөлшерінен өсірілді.

Жаңадан тағайындалған жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 46 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен (127 788 теңге) аспауы керек.

– Енді оқырмандарымызға түсінікті болу үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа мөлшері қандай болғанын айтып бересіз бе?

– Әрине. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің өзгеруі ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 32 668 теңге болуына байланысты. Сонда:

pvapvpvpv

Лиза СЕЙТІМОВА

mitsprapra 1

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз