
ЖаңалықтарЭкономика
Әлеуетің қалай, экспорт?
Аtr.kz/14 мамыр, 2019 жыл. Қазақстан үш айда 13 млрд доллардың тауарын экспорттады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ел экономикасының І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
«Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі 13,3 млрд доллар болды», — деді Р. Дәленов.
Оның айтуынша, мұнай мен металдарды қоспағанда экспорттық жеткізілімдердің өсімі 19,8 пайызға жеткен.
«Импорт 2,7 пайызға төмендей отырып, 7 млрд долларды құрады», — деді ол.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»