Қазақстанда 3-5 сәуірде ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш тәулікте антициклонның ықпалымен Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы көтеріледі», – делінген хабарламада.
4-5 сәуірде батыста жаңбыр жауып, күн күркірейді және жел соғып, ауа температурасы төмендейді.
Хорлан СМАДИЯР