АЛДА – ТАҒЫ ДА АТТЕСТАЦИЯ!
«Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында құрылған ұлттық комиссия жұмыс жасауда. Кәсіби мемлекеттік аппарат құруды көздейтін Ұлт жоспары негізінде мемлекеттік қызметкерлер аттестациядан өтетін болады. Және ол жақын арада іске аспақ. Сынақ талабына сәйкес, біліктілік деңгейі төмен кадрдың қызмет орнын босатуына тура келеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке жаңадан орналасқан адамның бірден жоғары лауазымға орналаса алмайтынын қаперге береміз. Кез-келген адам жоғары қызметке лауазымдық сатылардан өту арқылы қол жеткізеді. Және орган басшылығына жұмысқа орналасу үшін арнайы конкурстан өту талабы қойылады», — деді ол.
Оның айтуынша, іріктеуден өткен білікті мамандардың жалақысы да жақсармақ. Еңбекақы мәселесі мемлекеттік органдардың өз міндеттері мен стратегиялық жоспарларды орындау деңгейіне де байланысты болады. Тағы бір ерекше атап өтерлігі, ендігі жерде шетелдік менеджерлерге елімізде мемлекеттік қызметке орналасу құқығы берілмекші. Қоғамның жегі құртына айналған жемқорлық мәселесі де назардан тыс қалмайды. Қызметінде отырып қылмыс жасағандарға қатысты заң талабы қатайтылатын болады.
Саладағы өзге де жаңалықтармен бөліскен Мұхит Кәрімұлы аттестация мәселесіне аса мән беріліп отырғанын айтты. Сынақ өткізу үшін орталық комиссия жұмыс жасап, кадрлардың біліктілігін бағалауға мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен ардагерлер де қатысады деп күтілуде.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА.