«Аламанда» барлығы арзан бағамен сатылды
1 мамырдағы Бірлік күні мерекесіне орай Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Атырау мөлтек ауданы, «Аламан» базарында азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге Атырау қаласынан және Қызылқоға ауданынан барлығы 42 шаруа қожалығы мен тауар өндіруші қатысты. Атап айтқанда: балық өнімдері-“Амангелді атындағы” «Долгий»ЖШС. Ет өнімдері: ЖК»Темір Ай», ШҚ «Самат» ЖК “Камалов”, ШҚ «Асыл Агро»» Сүт өнімдері: «Первомайский» ЖШС. ЖК «Каратаева», ЖК «Капатова». Шұжық өнімдері: «Асыл Агро» ЖШС, «АҚ Жайық», «, «Rokos Group”ЖШС. Көкөніс өнімдері: ШҚ, «Саташева» ШҚ, ЖК «Иманбаева», ЖК «Жұмабекова», ЖК «Магзомова» күнбағыс майы: «ЕФК» ЖШС, «Боранғазова» ЖК нан өнімдері «Даулет нан» ЖШС, жұмыртқа: «Алмалы құс», ЖК «Клименко»,т.б.
Қала тұрғындары мен қонақтарына нарық бағасынан төмен бəспен картоп 160 теңгеден, пияз 90-100 теңгеден, сәбіз 100-150 теңгеден, қырыққабат 70-80теңгеден, жұмыртқа 35-40 теңгеден, сиыр еті 1700-1800 теңгеден, балық өнімдері: сазан 550 теңгеден, құс еті 800-900 теңгеден, т.б. өнімдер ұсынылды. Бұл күні барлығы 5 тн. картоп, 1,5 тн. сәбіз, 2,3. тн. пияз, 1 тн. қырыққабат, 150 кг қияр, 4 тн. ет, 4 тн. балық,
400 литр сүт, 500 кг. тауық еті, 500 кг. шұжық, 60 000 дана жұмыртқа өнімдері және басқалары сатылды.
Сондай – ақ, Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын орындау мақсатында жәрмеңке аумағы толығымен қоршалып, арақашықтықтың, санитарлық нормалардың сақталуы туралы ескертпе жасалынды.
Дәулетқали АРУЕВ