Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Алаяқтар қазақстандықтарды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы атынан алдауда

Желі қолданушылары Қазақстанда алаяқтар қайта әрекет ете бастағаны жөнінде ескертеді. Бұл жолы олар өздерін әлеуметтік қызмет қызметкерлеріміз деп таныстырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы атынан хабарламалар жібереді.

Қаскүнемдер өз құрбандарына белгілі бір әлеуметтік төлем тағайындалғаны жайлы хабарлайды. Біраз уақыттан кейін қазақстандықтардың телефондарына 1414 деп көрсетілген нөмірден хабарлама келеді. Бұл номердің түпнұсқасы «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Мәтінде өтелмеген банктік қарыз бар болғандықтан транзакция жүргізу мүмкін емес делінген.

«Мемлекеттік жәрдемақы» алуға үмітті адамдар несиелерін өтеуге асығады, бұдан кейін ақша жоғалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы борышкерлердің төлемдері мен қоңырау шалу туралы қауесетті жоққа шығарды.

– «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері қоңырау шалмайды, борышкерлердің деректер базасына кіре алмайды, сондай-ақ коллекторлық компаниялардың жұмысына қатысы жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сақ болуға және жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға хабарламауға кеңес береді, – делінген корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Бұған дейін біз алаяқтықтың ұқсас схемалары туралы хабарлаған болатынбыз. Зиянкестер өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырған, 21 500 теңге көлемінде төлем алуды ұсынған.

«stopfake.kz»

whatsapp image 2020 11 26 at 10.32.58

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button