Жарнама
Жаңалықтар

АЛҒЫ КЕЗЕКТЕ – ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІ

Есепті мерзімге қаралған облыс бюджетінің көлемі 65 млрд. 726 млн. теңгені құрап, бұған дейін болжамдалғандағыдан 3 млрд. 137 млн. теңгеге артық болып отыр. Облыстан республикалық бюджетке аударылатын қаржы сомасы да әуелде белгіленгендегіден 9 млрд. 972 млн. теңгеге көбейген. Қазынадан бөлінген қаражатты негізінен алғанда әлеуметтік сала нысандары (білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет мекемелері) құрылысы мен күрделі жөндеуге, инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсау көзделген. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы — 2020», «Қолжетімді  баспана — 2020», «Ақ бұлақ», т.б. мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі, тұтастай алғанда, аймақтағы ғана емес, еліміздегі серпінді жобалардың санатына енген, үдемелі индустриалды-  инновациялық даму бағдарламасында белгіленген ауқымды шараларды жүзеге асыруға бағыттау жоспарланған.

Екінші кезекте қаралып, тал-қыланған өзекті мәселенің бірі – «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Құлсары қаласы бойынша  орындалуы туралы» Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасовтың баяндамасы тыңдалды. Аталған бағдарлама басталғаннан бергі кезеңде алдымен Құлсары қаласының бас жоспары (45 млн. теңгеге) жасақталған. Бастаушысы «Каспий Сервис-Е» ЖШС болып табылатын әк шығаратын зауыт құрылысының жобалық құны 552,0 млн. теңгені құраған.

Сонымен қатар, түрлі кәсіпкерлік нысандарын ашқан бизнес субъектілерінің жобаларын қаржыландыруға, «Жұ-мыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы жобалардың орындалысын қамтамасыз етуге, қалаішілік автокөлік жолдарын жаңғыртуға, электр қуатымен қамту нысандарын қайта жарақтандыруға, спорт алаңдары мен балаларға арналған ойын алаңқайларын, жаяу жүргінші жолдары мен аялдамалар  салуға, елді мекенді көгалдандыруға да қазынадан қомақты қаражат қарастырылған.

Сессияда өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлестерін қосқан атыраулық аға буын өкілдерінің бір тобына лайықты құрмет көрсетілді. Нақты айтқанда, Шайдолла Кәрімов, Амангелді Селбаев, Ирак Елекеев, Қайрат Ищанов, Қалидолла Шаухаровқа «Атырау  облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Марапатталғандардың атынан сөз алған Қазақстанның Құрметті теміржолшысы Амангелді Селбайұлы өздеріне көрсетілген құрметке алғысын арнады. Сессияда бұлардан өзге де өзекті мәселелер талқыланып, жан-жақты сараланды.

Сессия жұмысына қатысқан аймақ басшысы Бақтықожа     Салахатдинұлы қай мәселені болмасын атқарушы билік құрылымдарымен тығыз ынтымақтастықта шешіп, түйінін тарқатуға белсенді атсалысқан облыстық мәслихат депутаттарына ризашылығын білдіріп, сессияға қатысушы барша әріптестерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button