ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: «Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін» (+ВИДЕО)

9677762 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/GMY8X40i5G0

Atr.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Леңгір қаласының тұрғындары нәжіс иісіне тұншығып отыр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Леңгір қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйдің мәселесін шешуді тапсырды.

«Премьер-министр мен Түркістан облысының әкіміне Леңгірдегі көппәтерлі тұрғын үйдің өткір мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырдым», – деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Белгілі болғандай, Түркістан облысы Леңгір қаласының тұрғындары көп жылдан бері кәріз жүйесінің зардабын тартып келеді. Көп пәтерлі баспананың тұрғындары бір жыл бұрын да жертөлені нәжіс басып кететінін айтып шағымданған көрінеді. Сол кезде аудан басшылығы кәріз жүйесін жөндеуге уәде бергенмен, сол күйі орындамаған, деп хабарлайды 31 арна.

«Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін мына үйде», – деп ашынды тұрғындар.

Ал аудан әкімдігі болса, кәріз жүйесінде еш ақау жоқ деп сендіріп отыр. Кәрізді қоқысқа толтырып тастайтын тұрғындардың өздері дейді.

Жалға берілетін 60 пәтерлі тұрғын үйде, негізінен, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер тұрады екен

Дереккөз: “Спутник Қазақстан”

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз