Жарнама
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙДІ

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облысымызда құрамында 114 мүшесі бар осындай 14 топ құрылған. Алдын-ала жасақталған жоспарға сәйкес тек ағымдағы жылдың өзінде олардың ұйымдастыруымен 570-тен астам кездесу өткізу межеленген. Бұл басқосулардың дені Атырау қаласы мен Жылыой ауданының еншісіне тиесілі болса, жекелеген өңірлерде мұндай шаралар мүлдем жоспарланбаған болып шықты.

Алғашқы болып  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек  сөз алды.

Өткен 2014 жылдың өзінде республика көлемінде құрылған 400-ден астам ақпараттық-насихаттық топтың күшімен 120-ға жуық іс-шара өткізіліп, оларға жалпы саны 1,5 млн. адам қатыстырылған, түрлі деңгейдегі баспасөз беттерінде 11700-дің үстіне мақала жарияланған. Осылайша, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында 1700 жарияланымға орын беріліп, 60 бейнеролик шығарылған.

Семинар-кеңестегі келелі әңгімені одан әрі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін мәселелерін талдау және ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Марлен Мүсілімов пен ҚМДБ республикалық ислами бірлестігінің филиалы облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансуров жалғастырды. Олар да өз кезегінде жұртшылық арасында жүргізілетін ақпараттық насихат жұмыстарының ықпалдылығы мен тиімділігін арттыруда заманауи технологиялар мен ғылым жетістіктерін, әдістемелік құралдарды ұтымды пайдалану, бағалау жүйесі мен сарапшылар пікіріне жүгіну керектігін алға тартты.

Бұл күні республикалық ведомоство өкілдерінің жетекшілігімен өңірімізге келген екінші топ Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде де  осындай басқосу өткізді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button