Құлсарыдағы ауыз судың сапасы талапқа сай

c6389ff1c366b0bc19d6cf3c2982a362 1280x720 Жаңалықтар

«Жылыой аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары үнемі су сынамаларын алып, тұрақты қадағалауда ұстап отыр», – деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Жалпы ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақталған. Аудандық МСЭБ бөлімінің қызметкерлері сынаманы тәулігіне екі рет алып отыр. Мамандар Ұлы Жем өзенінің суынан да сынама алып, қадағалауда.

«Біздің мамандар күн сайын су мен өнімдердің сынамаларын алады, олардың құрамынан қауіпті заттар табылған жоқ. Тұрғындардың аудандағы ауыз судың сапасына алаңдауына еш негіз жоқ», – деді МСЭБ аудандық бөлімінің басшысы Бақыт Елеусінова.

Атырау облысы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз