Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Аймақ басшысы тал егу акциясына қатысты

Қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлері күні. Биыл төртінші мәрте атап өтіліп отырған кәсіби мереке қарсаңында бүкіл еліміздегі тәрізді өңірімізде «Бұл – менің ағашым!» атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Оған Атырау облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен  «4-ші билік» үкіметтік емес ұйымы ұйытқы болды. Акцияға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

–Атырау облысы бойынша ормандарды өсіру мен молайтудың бес жылға арналған кешенді жоспарына» сәйкес, мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2803 га-ға 7,075 млн ағаш көшеттерін отырғызу көзделген болатын. Ал, биыл 309 га-ға 905 мың ағаш көшетін егу жұмыстары жоспарланып, жүргізілуде. Оған қоса, облыс елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар жасаудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары жасақталып, бес жылда 279 га аумаққа 540 мың ағаш көшетін отырғызу межеленді. Осы жоспар шеңберінде биылдың өзінде жалпы  48 гектарға 86320 тал егу жоспарланған болатын. Аймақтың экологиясын жақсартуға күш салу – әрбіріміздің міндетіміз. Сондықтан бүгінгі өткізіліп отырған акцияның мәні ерекше, маңызы зор, — деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов. 

Оның айтуынша, осы жылдың көктемгі науқанында облыста барлығы 49 мың , оның ішінде Атырау қаласы аумағында 27 786 ағаш отырғызылып, қалған 37 мың  ағаш күзгі маусымда отырғызу жоспарланыпты. Белгіленген учаскелер аумағында Бұған дейін ірі табиғат пайдаланушы мұнай-газ кәсіпорындарына қала әкімдігі арқылы бөлінген 2 га жер учаскесінің 1 гектарына «Теңізшевройл» компаниясы көктемде ағаш отырғызған болатын. 

whatsapp image 2021 10 16 at 19.20.23

Кешегі сенбіде сол бастама жалғасын тапты. Атырау қаласының Самал шағынауданынан бөлінген 1 гектар алқапқа жергілікті орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында өсірілген бір мыңнан астам ағаш көшет егілді. Акцияға 600 –ден астам мемлекеттік қызметкер, «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысты. 

whatsapp image 2021 10 16 at 19.22.19

Айта кету керек, акцияның басты мақсаты – өңірдің экологиялық ахуалын бірқалыпта ұстау үшін, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту, зиянды заттардың табиғат пен қоршаған ортаға тигізетін залалын азайту, сөйтіп қала аумағында «Жасыл белдеу» құру болып табылады. Осындай шаралар облыс аудандарында жа жалғасын тауып, мыңдаған адам өзінің атаулы ағашын отырғызды. 

Д.Аруев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button