Жарнама
Жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫНА – «АЛҒЫС» ОРДЕНІ

— Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қай саладағы болмасын жетістігі – баға жетпес ұлттық құндылықтарымыздың жемісі. Ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің сақталуында, тұрақтылығымыздың баянды болуына дініміздің де қосып отырған үлесі аз емес. Солардың арасында православтық христиандардың, осы бағыттағы дін өкілдерінің де еңбегі зор. Діни және ұлттық мейрамдарымызды, мемлекеттік мерекелер мен басқа да ресми шараларды еліміздегі түрлі конфессиядағы дін өкілдерімен бірлесе өткіземіз. Атаулары мен бағыттары түрліше болғанымен олардың барлығының да мақсат-мүддесі бір. Ол – тыныштық пен бейбітшілікті сақтау, дінаралық кикілжіңдерге, ұлтаралық жанжалдар мен қақтығыстардың орын алуына жол бермеу, өскелең ұрпақты аға буынның өнегелі жолына баулып, имандылыққа, ұлтжандылыққа, ізгілік пен жақсылыққа тәрбиелеу. Бүгінгі жеткен биігіміз бен еншілеген табыстарымыз – сіз бен біздің бірлескен іс-әрекетіміздің жемісі. Ал, мына өздеріңіз ұсынған марапатты бір маған ғана емес, облыс әкімдігінің аппаратына көрсетілген құрмет деп қабылдаймын, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтқандарын толығымен қостай отырып, православтық христиандар дінбасының наградасын иесіне табыстаған архиепископ Антоний елдегі жақсылықтың барлығында Қазақстан халқын жарқын болашаққа, кемел келешекке бастаған Елбасының еңбегі ұшан-теңіз екенін айтты. Ал, сіздер болсаңыздар, Мемлекет басшысының өңірдегі сенімді өкілісіздер,   Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатын жүргізушісіздер. Осы тұрғыда, облыс басшылығының да талай  игі бастамаларға мұрындық болып, көмек-қолдау көрсетуден аянып қалмағанын, мынау марапат та соған деген шексіз ризашылықтың белгісі саналатынын алға тартты.

Дәл сол күні осы мазмұндас наградамен Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев та марапатталды. Шаһар басшысының өңіріне Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний «Алғыс» («Благодарность») медалін тақты.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button