Әлеуметтік желілерде жарияланған жылқыны қаққан жүргізуші кім?

жылкы Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде жарияланған көлік қағып кеткен жылқының суреті көпшіліктің ызасын тудырды.

жылкы

Енді атыраулық тұрғындар жануарды жарымжан халге түсірген көлік жүргізушісін іздестіруде. Жарияланған суреттің авторы Нұрболат Қосымбайұлының айтуынша, жылқыны түскі мезгілде қағып кеткен. «Жануарды дереу бауыздамаса, қиындықпен жан тапсырады. Оның оң жақ бөлігінде «Ж» таңбасы белгіленген» дейді ол.

Ал, «Zello-atyrau» парақшасында жарияланған осындай суреттің мекен-жай жолағында «Атырау-Қарабатан» трассасы деп жазылған. Әйтсе де, облыстық ішкі істер департаментінде мұндай деректің орын алғандығы расталмады. Ондағы мамандардың айтуына қарағанда, бұл бұрынырақта түсірілген суреттердің бірі болуы да ғажап емес.

– Сурет жарияланған күні департаментке он шақты адам хабарласты. Алайда, көрсетілген мекен-жай бойынша ондай оқиғаның орын алмағандығы анықталып отыр, – дейді облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Биғамбаев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз