Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Ағылшын тілінде жоба қорғаған атыраулық оқушылар халықаралық бәйгеде топ жарды

«Бразилияның Ново-Гамбург қаласында «MOSTRATEC» атты 35–ші Халықаралық білім көрмесінің аясында өткен ғылыми жобада атыраулық оқушылар жүлделі орынға ие болды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.

Идеялар мен терең зерттеу жұмыстарының басын қосқан додаға  35 елдің 752 үміткері қатысты. Олардың қатарында  Қазақстан мектептерінен 25  оқушы бар. Соның ішінде Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының екі оқушысы топ жарып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Атап айтқанда, 11  сынып оқушылары  Ақбота Жұбатқан  математика пәнінен І орынды иеленсе,  Айданур Демирджи тарих пәнінен ІІІ орын алды.

Ақбота Жұбатқанның айтуынша, олар өз жобаларын ағылшын тілінде қорғаған.

 — Жаздың аяқталуына он шақты күн қалған кезде менің сынып жетекшім “Mostratec” атты халықаралық ғылыми жобалар жарысы болатынын хабарлаған болатын. Міне, сол күннен бастап мен дайындала бастадым.

img 20201222 wa0013


Пандемияға байланысты қашықтан өткізілгеніне қарамастан  сайыс өте қызықты және тәжірибеге толы болды.  Байқау «Jitsi meet» атты видео конференцияларға арналған мобилді қосымшаның көмегімен өтті. Мен үшін бұл дода ұмытылмастай болды, көп тәжірибе алдым, — дейді ол.

Айта кетейік, жеңімпаздарды жобаға қыздар лицейінің бейінді оқу ісінің меңгерушісі Оксюз Рахман мен Атырау университетінің мұғалімі, математика пәнінің кандитаты Аққабыл   Абиров дайындаған.

img 20201222 wa0014

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button