Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Әділбек – әлем чемпионы

Atr.kz/27 қараша, 2019 жыл. Италияның Рим қаласында панкратионнан ересектер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жекпе-жек түрінің осы бір түрімен шұғылданатындарды шартараптан жинаған  жарыс төрт күнге созылып,   онда қос жерлесіміз бақтарын сынады.

Жарыстың екінші күнінде  сегіз бұрышты алаңға 71 келі салмақта Әділбек Қайырғали шығып, алдыңғы кездесуінде жеребе оны қазақстандықпен кезіктірді. Бәсеке барысында құрамдасынан басым түскен ол,  кейінгі теке-тірестерінде қос бірдей  ресейлік спортшымен кездесіп,  екеуінде де төреші атыраулық спортшының қолын көтерді.

Ал ақтық сында Әділбек украиндық өреннің өрге көтерілуіне жол бермей, Әлем чемпионы атанды.

Ал доданың үшінші күні 60 келі салмақта Алпамыс Адиатов  топқа түсіп, ол іріктеу кезеңдерінде Ресей, Беларусия, Украина елдерінің спортшыларын ұтып,  тек ақтық сында ғана ресейлік спортшыға есе жіберді. Осылайша, аталмыш сайыстың күміс медалін иемденді.

Елге еңселері көтеріңкі күймен елге оралған спортшыларды Атырау вокзалында басқарма мамандары мен әріптестері салтанатты жағдайда күтіп алып, қос батырдың иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Айта кетсек, былтыр да Ресей астанасы Мәскеуде өткен әлемдік додада жерлесіміз Абылай Төлеш осы спорт түрінен жеңімпаз атанған болатын.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button