ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ 

17219700 2d7c 4aff a3b6 9464de861d6c Қоғам

Атыраудағы Абай орталығында облыстық дін істері басқармасының және «Jardem Atyrau»корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Қазақ әйелі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында форум өтті. Шараға басқарма басшысы Хайролла Көшқалиев, облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу Омарова қатысты.

​Форум жұмысына еліміздің Ақтөбе, Алматы, Талдықорған және басқа қалаларынан қонақ ретінде қатысушылар да келді. Олар негізінен: модельерлер, қаламгерлер, қоғам белсенділері. Талқыланған бас тақырыптардың бірі – бүгінгі қазақ қыздары мен әйелдерінің  киім үлгісі туралы болды. Бұл тұрғыда осысалада тәжірибесі бар мамандар өзіндік ой-пікір, ұсыныстарымен бөлісті. Осылайша, республикамыздың әр өңірінен келген танымал дизайнерлер Айнаш Рыскелдиева, Жұмагүл Дүйсеғалиева, т.б. көпшіліктің назарына қыз-келіншектерге керемет жарасып тұратын қазақы кимешектердің әдемі топтамасын ұсынды. Олардың арасында кеңседе, мерекелік кештерде киетін сәндік киім үлгілері де кездесті. Халқымыздың ұлттық стилінде тігілген киім үлгілеріне қызығушылық танытқандар да аз болмады. «Жақсыны – көрмекке» демекші, уақыт пен заман талабына қарай, қазақ әйелдеріне арналған киімдердің қаншалықты жарасып тұратынын көрсетуге Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері көмектесті.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз