Жарнама
БілімЖаңалықтар

Ағылшынша білгеннің әлемі бөлек

Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Ағылшынша білгеннің әлемі бөлек

Басқосу барысында оқытушы Б.Қарамырза Жолдаудың  негізгі мәні туралы ойларын ортаға салды. Болашақта маман дайындау ісінде алға қойылып отырған міндеттер туралы пікір білдірді.

Елбасы Жолдауын талқылау барысында колледж жұмысының сипатына тікелей қатысы бар тұстар толығырақ талқыланды. Маңызды құжатта көзделген IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігі көпшілік көңілінен шықты. Биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастайтыны мәлім, тек осы жылы 20 мыңнан астам адам түрлі жұмысшы мамандықтарын тегін оқи алады. Кәсіптік жұмысшы кадрларды оқыту мерзімі бір айдан  алты айға дейін белгіленіп отыр. Ниет білдірген адам бірден үш жұмысшы мамандығын меңгере алады. Осылайша, таяу бес жыл ішінде 106,5 мың адам осы жобамен қамтылмақ.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Түменбаева колледж қызметкерлері мен оқытушыларының IT біліктілігін арттыру, IT-мамандықтары бойынша оқытуды ағылшын тілінде жүргізу, қызметкерлер мен оқытушыларды  жұмысқа қабылдау кезінде «IT-құзыреттілік» пен «Ағылшын тілін білу» талаптарын қою ұсыныстарын жеткізді.

Жолдау тың міндеттер жүктеп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктер де беретіні айқын. Біздің идеямыз – «Мәңгілік ел», ал, елдің болашағы – жастар. Сондықтан, оларға кәсіптік білім беріп, тәрбиелеп отырған білім орнының, оқытушылар ұжымының көтерер жүгі, арқалар жауапкершілігі де зор. Жолдау қойған талаптар биігінен көріну үшін көп жұмыс жасауға тура келеді. Әсіресе, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы және үштілді оқуға көшу мәселесіндегі ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығы зор. Соңғы мәселе бойынша оқу орнымызда жасалған жұмыстар жетерлік. Тек биылғы оқу жылында оқытушыларға, студенттерге арналған ағылшын тілі үйірмесінің жұмысы және «Exхon mobil» компаниясының қаржыландыруымен тегін ағылшын тілін үйрету курстары ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама алға қарай жалғасын табады.

Әрине, бұл – тек бастама, алғашқы адым ғана. Әркім өз пәнін таза ағылшын тілінде еркін беруі үшін өз бетімен көп тер төгуі қажет. Бізде шет елдерде тағылымдамалардан, курстардан өткен оқытушы мамандар бар. Уақыт зымырауда, заман өзгеруде, бір орында тұруға болмайды. Сондықтан, ағылшын тілін жетік үйренуге толық мойын бұру керек, бұл – уақыт талабы. Колледж ұжымы Елбасы Жолдауын елімізді әлемдегі озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуға жетелейтін  бағдарлама ретінде қабылдады. Болашақта оны жүзеге асыруға  жұмыстанатын боламыз.

Бағыт  ШЕРКЕШБАЕВА,

С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжі директоры,

Атырау қалалық

мәслихатының депутаты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button