Ақтөбеде ер адам өзін-өзі ішкі істер бөлімінің алдында өртеп жіберді
Ақтөбе облысы Ембі қаласының 39 жастағы тұрғыны өзін-өзі ішкі істер бөлімінің алдында өртеп жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 12 ақпан жексенбі күні болған. Түнгі сағат 2.45-те Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ембі қалалық ішкі істер бөліміне орталық есіктен белгісіз ер адам кіріп келген. Оның үстіндегі киімі өртке оранып жатқан.
Қазір өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Полицейлердің хабарлауынша, ер адам екінші ақпан күні қаза болған әйелінің өлімінен кейін өз-өзіне қол салған. Ал марқұм өзіне қол жұмсайтын ойы барын сол түні туған-туыстарына айтқан екен.
Бір айта кетерлігі, ер адамның неге ішкі істер бөлімінің алдында өмірімен қош айтысқаны белгісіз. ІІД бұл жайтқа қатысты әзірге пікір білдірмеді.