Жарнама
Жаңалықтар

93 жастағы әжей дауыс берді

    Кіші өнер Акадамиясының ғимаратында орналасқан №8 сайлау учаскесінен жіберілген топ «көшпелі жәшікпен» тыл еңбеккері Жамиға Шаленкееваның үйіне барды. Осы арқылы қарияның Президент сайлауынан тыс қалмай, өз таңдауын жасауына мүмкіндік туғызды.

Бүгінде шөберелерінің қолынан су ішіп отырған әжейдің саулығы жақсы. Дегенмен, учаскеге барып-келуге жасының үлкендігі мен көз жанарының нашарлығы кедергі келтірген.

   Топ мүшелері дауыс беру тәсілін түсіндіріп, құжат толтырғаннан кейін 93 жастағы әжей қызы Ләззаттың көмегімен өз таңдауын жасады. Соңынан Жамиға әжей дауыс беруге жағдай жасаған сайлау учаскесінің мүшелеріне алғысын айтып, ақ батасын берді. Қазақ еліне амандық тіледі.

   Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған зейнеткер жанның бірі – 71 жастағы Бақтылы Кемелова. Ол ұзақ жылдар бойы мұнай саласында еселі еңбек етіпті. Топ мүшелері бұл кісінің де үйіне барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады.

    №8 сайлау учаскесінің төрайымы Мәншүк Закаринаның айтуынша, сайлау округінде 1059 сайлаушы тіркелген. Олардың 13-і денсаулығына байланысты учаскеге өздігінен келе алмайтын және мүмкіндігі шектеулі жандар болып табылады. Барлығы да Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауынан сырт қалмады.

Ербол Қошақанов

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button