Жанбайлық браконьерлерге сот үкімі шықты

img 20171105 wa0003 e1509870715927 0 Жаңалықтар

Атырау қаласының № 2 сотымен балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша Атырау облысы Жанбай селосының төрт тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. 

img-20171105-wa0003-e1509870715927_0

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Жанбай селосының төрт тұрғыны қоршаған орташа үлкен залал келтіріп, балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқан. Анықталғандай, 2017 жылдың қараша айында Жанбай селосына жақын жерде балық инспекциясы қызметкерлерімен ішінде селоның төрт тұрғыны болған «Байда» су қайығы мен  1.110,7 келі бекіре тұқымдас балығы және балық аулайтын тор табылған.

Сот үкімімен төрт тұлға Қазақстан Республикасының ҚК-нің 335-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Айыпталушылардың кінәларын мойындағанын және іс-әрекеттеріне өкінгенін ескере отырып, сот оларды шартты түрде 2 жылға бас бостандықтарынан айырды. Сондай-ақ, сол кезде тәркіленген уылдырығы жоқ барлық балықты сатудан түсетін түсімдер мемлекет кірісіне түседі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз