7,5 миллион ауыл тұрғындарына жағдай жасалады
Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдау шараларының сұрауы бар екенін қаперге беріп отыр дейді «Нұр Отан» партиясының съезіне қатысып жатқан делегат Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов.
«Сол сияқты, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру міндеті де күн тәртібінен түспеуі қажет.
Әлеуметтік салада қоғамның аз қамтылған топтарына тиімді көмек көздерін қарастырған жөн. Осы орайда, Ұлттық қордан қосымша қаражат қарастыру нақты ресрустарға негізделетін болады. Қарапайым сөзбен айтқанда, көмек нақты адамдарға көрсетілуі тиіс.
Мемлекет қазынасын толтыру, тұрғын үй мәселесін шешу, өңірлерді кешенді дамыту бағытында да жергілікті бизнес иелерін мүмкіндіктерін қатыстыруға болады. Сонымен бірге, 7,5 миллион ауыл тұрғындарының жалпы жағдайын жақсартуға да мол мүмкіндік туып отыр. Жол салу, коммуникация тарту, әдеуметтік нысандар қатарын көбейту, жұмыссыздық мәселесін шешеу бойынша да нақты жұмыстар белгіленді. Жоспарланған жұмыстардың іске асуы еліміздің әр азаматына тікелей байланысты болмақ» деп түйіндеді ойын Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов.