«Жалғыздың жалқы тағдыры»

enknknknk Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тара­ту» кіші бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде «Дәуір» баспасынан 3000 дана таралыммен талантты ақын, бірнеше жыр жинақтары мен монографиялық еңбектердің авторы Гүлзада Ниетқалиеваның «Жүректегі жанартау» атты жыр жинағы жарық көрді.

Осыған орай, «Қазақстан» РТРК Атырау филиалында ұйымдастырылған кітаптың тұсаукесерінде жазушы, ғалым Қадыр Жүсіп ағамыз ақынның шығармашылығына оң баға берді.

– Гүлзаданың ақындық қуаты м ы қ т ы . О н ы ң қ и я л ы н а н т у ғ а н лирикалық кейіпкерлерінің күрделі психологиялық иірімдері, шынайылығы оқырмандарын бейжай қалдырмайды. Туған жердің табиғаты, адам бойындағы отаншылдық рух тақырыптары да кеңінен қамтылған. Ғылым саласында да Гүлзаданың айшықты қолтаңбасы бар. Жалпы Гүлзаданың өлеңдерін, ғылыми зерттеулерін қадағалап оқып, сын тұрғысынан баға беріп, әрдайым тілеуле с болып жүремін. Менің «Шырайлы жырлар» атты еңбегім Гүлзада шығармашылығына арналған. Ол әлі де толыға түседі деп ойлаймын.

Келесі кезекте сөз алған әріптесі, ақын Нұрым Ерғалиев былай деді:

– А қ ы н д ы қ – ке з ке л ге н н і ң маңдайына жазылмайтын Тәңірдің сыйы. Тұла бойындағы сол табиғи талан­тын ұштап, оңашада тәтті мұңға беріліп, шығармашылықтың рухани ләззатын сезіну, азабын арқалау нәзік жаратылы­сты жанға оңай соқпайтыны да белгілі. «Ақын болу оңай деймісің қарағым, аузында жүру ол – сыздаған барлық жараның» деп ақиық ақын Айбергенов айтқандай, Гүлзада да өмірден баз кешіп, бар тыныс-тіршілігін парасатты поэзияға, сиқырлы сөз өнеріне арнаған адам. Ол – ізденімпаз, еңбекқор, намыс­шыл, мінезді. Дауылдатқан өлеңдері де көкжасық, жылауық емес, өзі сияқты сәл-пәл асаулау. Кешегі жалаулы найза қолға алып, жау тоқтатқан Исатай мен Махамбет бабалары жанына жақындау. Оның кез келген өлеңін тебіренбей оқу мүмкін емес. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» деген осы болса керек. Ал, «Жүректегі жанартаудың» қапелімде сөнбейтініне сенім мол».

Біз білетін Гүлзада Рахметқызының сүйегі ұстаз, яғни мамандығы фило­лог. Сол алған дипломы бойынша ұстаздықты таңдағанда да ол өкінбейтін еді. Өйткені, жоғары оқу орнын бітіріп келгеннен кейін аз ғана уақыт туған ау­данында ұстаздық қызмет атқарғанның өзінде қаншама шәкірт тәрбиелеп, бұлақтың көзін ашты. Ол жөнінде «Атырау» телеарнасы директорының орынбасары Балауса Пушкинқызы өз естеліктерімен бөлісті.

– Құрманғазы ауданы орталығындағы мектеп-интернат гимназия мәртебесін алып, абыр-сабыр болып жатқан кез.

Қазір ойлап отырс ам, дайын бағдарлама да жоқ. Ал, апайымыз жоғарыдан бір нұсқаулық келіп қалар деп күтіп отырмады. Өзі мектеп- гимназияның жоғары сыныптары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша арнайы бағдарлама жасап, батыл іске кірісті. Талабы да қатты болды. Өлең де жаздық, облыстық айтысқа да қатыстық, апайдың тапсырмасы бойынша қазақ және шетел әдебиеті классиктерінің том-том кітаптарын жата-жастана оқып, түсінгенімізді айтып жүрдік. Кезінде қиналған болармыз, бірақ одан біз жа­ман болған жоқпыз. Біз де апайымыздың жолын қуып, ұстаздықты таңдап, жоғары оқу орнына түскенде, Гүлзада апайдан алған біліміміздің көп пайдасы тиді,- дейді Балауса сол бір өткен күндерді сағынышпен еске алып. Сөйтсек, апай­ымыз жоғары оқу орнының бірінші кур­сына арналған бағдарламаны санамызға сіңіріп жіберген болып ш ы қ т ы . Университеттегі әдебиет теориясынан беретін оқытушы: «мұның бәрін қайдан біле сіңдер?» деп құрманғазылық студенттерге т аң қа латын.

Ү н е м і р у х а н и б а й л а н ы с т а жүрген құрбысы, өнер зерттеушісі, қобызшы Ақнар Шәріпбаева Гүлзада шығармашылығымен бұрыннан та­ныс екендігін айта келіп, болашақта ақынның өлеңдеріне ән жазуға талапта­нып жүргендігін жеткізді. Сондай-ақ, Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап ктапханасының кітапханашысы Ғ.Байешева, кезінде мек­теп- гимназияда дәріс алған Гүлзаданың шәкірті, №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанна Маннанова ақын шығармашылығына байланысты өз ой­ларын ортаға салды.

Сыртқы мұқабасына дейін талғаммен әсем безендірілген ет-жеңді кітаптың тұс ауке с ер рәсімі жас алды. Ал, қоштасарда Гүлзада ақын:

«Ешкімге ашпай жүректің мұңын,

Көрсетпей көздің жаңбырын.

Өлеңге ғана сыр еттім, күнім

Жалғыздың жалқы тағдырын…» деп сәл-пәл мұңайғандай көрінді. Ол іште жанартаудай өршелене лаулап, жанына маза бермеген алапат сезімнің бұлқыныстары мен толқыныстары болса керек.

Н.ТЕЛЬМАН

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз