Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жапондық компания Жайық өзенінің жағалауын бекітумен айналысады

Atr.kz/2 қазан, 2019 жыл  Атырауда жапондық «Tokyo Rope» компаниясы кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

Инвестор алдағы жылы Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын бастайды, — деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
​Өкілдіктің ашылу салтанатында «Tokyo Rope International» компаниясының президенті Сато Кадзунори Жапония инвесторының Қазақстанмен ынтымақтастығы туралы айтты. Компания алғашқы жобасын Алматыда жүзеге асырған. Енді жапондық бизнес Атыраудағы жобаларға қызығушылық танытып отыр.
​-Атырау облысының экономикалық әлеуетін саралап қарадық. Бұл қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Осы өңірге өзіміздің жоғары технологияларымызды тартып, бірнеше жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Соның біріншісі – жағалауды бекіту жұмыстары, қатерлі дертпен ауыратындарға арналған медициналық орталық ашу да жоспарда бар. Біздің елде жоғары технологиялық медицина дамығаны бәріне белгілі,-деді Сато Кадзунори.
​Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев «Tokyo Rope» басшылығына жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын айтып, өзара байланыстың баянды боларына сенім білдірді.
​-Ғасырлық тарихы бар компания алдыңғы қатарлы технологияларымен дүние жүзіне әйгілі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға жұмыс сапары кезінде «Tokyo Rope» компаниясының басшылығымен кездесіп, жапон бизнесінің біздің елімізге келуіне бастамашы болған еді. Компания Алматыдағы жобасын табысты жүзеге асырды, бүгін Атырауда өкілдігі ашылды. Жақын болашақта өңіріміз үшін аса маңызды жобаларды бірге бастауды жоспарлап отырмыз. Олар – жағалауды бекіту жұмыстары, медициналық орталық ашу, машина жасау  секторында да ойға алған істер бар,-деп атап өтті аймақ басшысы. –Мемлекет басшысы шетелдік инвестиция тартуға барлық қажет жағдайды жасауды тапсырды. Осы тапсырманың аясында Атырау облысында нәтижелі жұмыстар жүруде. Қазір өңірде шетелдік қатысы бар бір мыңнан астам компания табысты еңбек етіп жатыр. Әлемдік компаниялардың қазіргі заманғы технологияларын тартқанның арқасында қазақстандық мамандар жоғары сапалы тауарлар шығаруда.
​Облыс әкімі инвестиция тарту бойынша жұмыстарды күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Бұл аймақтың және жалпы еліміздің экономикалық әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді.
​«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңірдегі өкілі Ержан Көлбаевтың айтуынша, жоғарыда айтылған жобалар жаңа жылдан бастап іске асырылады.
​-«Kazakh Invest»-тің Атырау облысындағы аймақтың өкілдігі осы жобаға қолдау көрсетеді. Жобалау тапсырмасын алу, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жаңарту, эскизін келісу, жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау жұмыстарына көмектестік. Жыл соңына дейін мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында жобаны іске асыру келісімшартына қол қойылады. 2020 жылы жер жұмыстары басталады. Осы жоба басқа да бастамаларға жол ашады деген сенімдеміз,-дейді Ержан Көлбаев.
​Жағалауды бекіту жұмыстарының жалпы ұзындығы – 4,5 км. «Kazakh Invest» компаниясының бұл бағытта тәжірибесі бар.
​Компания биыл Есентай өзені жағалауын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Ұзындығы 2 км учаскенің жағалауы ауыр габиондарды қолдану арқылы бекітілді.
«Tokyo Rope» компаниясы 1887 жылы құрылған. Жоғары технологиялы болат арқан, көпір ванты, автошина металкорды, сымның бірнеше түрін шығарады. Компанияның Жапонияда, АҚШ-та, Қытайда, Ресейде, Вьетнамда, басқа да мемлекеттерде жеке зауыттары бар.

whatsapp image 2019 10 02 at 10.28.31
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - whatsapp-image-2019-10-02-at-10.28.31-3-1024x682.jpeg

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button